8 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода 15-ші паралимпиадалық ойындардың алауы жағылады
8 қыркүйекте Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода 15-ші паралимпиадалық ойындардың алауы жағылады. Халықаралық жарысқа елімізден 11 спортшы қатысады. Олар жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, дзюдо мен жебе ату сындарына қатысады. Зілтемір көтеретін спортшыларымыз олипиадаға ойындарына деген жаттығуды Алматыда өткізді. Бүгін түнде Вадим Дукарт, Гүлбану Әбдіхалықова және Раушан Қойшыбаевалар Рио-де-Жанейроға аттанады. Олар лицензияларын Әлем Кубогы мен Азия біріншіліктерінде жеңіп алды. Біздің споршылар әлемдегі үздік ондық қатарына кіреді. Сондықтан жеңіспен оралады деген сенеміз. Раушан Қойшыбаева, ҚР паралимпиадалық құрама командасының мүшесі -Барлығы жақсы жетістікке жеті, алтын, күміс, қола медаль үшеуінен де құр қалмай, барлығын алуға тілек білдіремен. Қазақстан паралимпиадылық ойындарға 2008 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Бірақ осы уақытқа дейін біздің спортшылар әлі жеңіс тұғырына көтерілмепті. Денис Орлов, ҚР Паралимпиадалық құрама команданың бапкері -Әрине әр спортшы бұл халықаралық жарысқа қатысуды армандайды. Спортшылар бар күш-жігері салып, жаттығып жатыр. Жарыстан жақсы нәтижемен ораламыз деген үміттемін. Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен белсенді шұғылданып, ел атынан әлемдік деңгейдегі жарысқа қатысуы өзгелерге үлгі боларлық. Олардың жүлдемен оралуына тілекшіміз. Авторлары: Алмас Садуақас, Галина Полевая, Валентин Лобанов